RSS

cтакан емес, бұлақ бол

untitledБір ғұлама шәкіртінің әр нәрседен үнемі шағымданып жүретінін көріп қалады. Содан бір күні ол шәкіртті шақыртып алып, тұзға жібереді. Үнемі зарланып жүретін шәкірт тұз алып келген кезде қария оған бір уыс тұзды бір стакан суға ерітіп іш дейді. Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да, тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды. «Дәмі қалай екен?» деп сұрайды қария. Шәкірті «Ащы» деп жауап береді ызаланып. Ғұлама шәкіртті қолынан ұстап, жақын жердегі бұлаққа алып барады. Бір уыс тұзды суға қосып, сол судан да ішіп көруін сұрайды. Бұлақтың мөлдір суын ішкен шәкірттен қайтадан судың дәмін сұрайды. «Tәтті» дейді шәкірт. «Тұздың дәмін сездің ба?» сұрағына да, «жоқ» деп жауап береді. Осы кезде ғұлама: «Өмірдегі қиындықтар осы тұз тәрізді, аз да емес, көп те емес – үнемі бірдей мөлшерде. Байқағаныңдай тұздың ненің ішіне қойылғандығы ғана маңызды. Сол сияқты, өмірдегі проблемалардың да ащы болып болмауы тек сенің сезімдеріне байланысты. Стакан емес, бұлақ болуға тырыс«, – деген екен.

 
Пікір қалдыру

Posted by on 08/01/2014 in Өмір

 

30 жылдық тәуба

imagesCAOV09W5Ғұлама бір ақсақал шәкірттерімен әңгіме барысында: “30 жыл бұрын “Әлхамдүлиллаһ” дегенім үшін 30 жыл бойы тәуба сұрап келемін,”- дейді. Шәкірттері таң қалып, мұның мәнін сұрағанда, әлгі ақсақал былай деп түсіндіреді: “Сауда орнында үлкен өрт шығып, көптеген саудагерлердің дүкендері өрттеніп, иелері үлкен шығынға ұшырайды. Өрт туралы маған хабар жеткенде мен “Сенің дүкеніңе ештеңе болмапты” деген сүйінші хабарға абайсыздан “Әлхамдүлиллаһ” дей қалдым. Кейін осы әрекетіме қатты өкіндім – мұсылман бауырларымның мал-мүлкі жанып кеткен кезде, өзімдікі аман қалды деп шүкір еткенім шынайы мұсылмандыққа жараспады деп қатты қобалжыдым, еңіреп тәуба еттім. Кейін өрттен зиян көрген мұсылман бауырларыма ортақтас болайын деген мақсатпен, дүкенімдегі барлық заттарды кедейлерге таратып берсем де, сол күннен бері 30 жыл бойы тәуба етсем де, әлі де жаным тыныштық таппады. Мен өлген кезде, ешкім білмейтін, адам жүрмейтін бір жерге апарып жерлеулеріңді сұраймын… топырақ мені қабылдамай, достарымның алдында ұят болмасын.

 

шынайы сезім

Ол күні үйге келгенімде жұбайым кешкі асты дайындап жатқан. Қолынан ұстап, бір маңызды нәрсе айтуым керек дедім. Қасыма отырды. Айтатындарым оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым, бірақ қанша қиын болса да айтуым керек деп ажырасайық дедім. Ашуланбады да, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа біреуді жақсы көретінімді қалай айтатынымды білмедім. Сол күні басқа ешнәрсе сөйлеспедік. Ол болса түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 10 жылдан кейін ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған көлік, үй, компаниямның 30% үлесін беретінімді рәсімдейтін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Бір бірімізге бейтаныс болдық. Оның маған жұмсаған уақыт пен күш жігеріне жаным ашыды. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді, қазір басқа кісіні жақсы көремін.

Бір басқа күні кешкісі үйге кеш келдім. Әйелім үстел басында бір нәрселер жазып отыр екен. Ешнәрсе айтпай бөлмеме барып ұйықтадым. Ертеңіне маған өз шарттарын ұсынды. Менен ешқандай материалдық   зат қаламайтынын, тек ажырасатынымызды 1 айға дейін ешкімге айтпай жасырын ұстауын сұрады. Осы уақыт ішінде жақсы отбасы ұқсап өмір сүруімізді сұрады. Бұған себеп жалғыз үлымыздың 1 айдан кейін университетке түсетіндіктен, қабылдау емтихандары кезінде отбысы ішіндегі мәселелер оған кедергі болмасын деген ниет екен. Келістім Екішні шарты да бартын. Үйленген күні есіктен үйге оны қолыма алып кіргенімізді есіне түсіру, 1 ай бойы оны қолыма алып бөлмемізден есікке дейін апаруымды сұрады. Басында есінің ауысқанын ойладым, бірақ өткен жылдардың құрметіне келістім.

Сол күні сүйіктім Ребеккаға әйелімнің осы шарттары туралы айтып едім, күліп жіберді де, әйелімнің бір қияли екендігін айтты. Ақыры әйеліммен ажырасатыныма сенімді болғандықтан ол да келісті.

Бірінші күні ешбір сезімім қалмаған әйелімді құшағыма алу қиын болды маған, көтергенімде артымызда тұрған ұлымыз бізге қарап қуанышын жасыра алмады ‘Бірбіріңізге деген сезімдеріңіз қандай күшті’ деп күлімдеп тұрды, Сөздері ішімді күйдірсе де, келіскеніміздей әйелімді үйдің есігіне дейін 10 метрдей қашықтықты құшағымда апардым. Ол болса көздерін жұмып қойып, құлағыма ‘Ұлымызға ажырасатынымызды айтушы болма’ деді. Мен де оған қарап, жарайды дедім. Оны есікке дейін апарып, үйден бірге шықтық. Ол автобус аялдамасына барып, жұмысына баратын автобусын күтті. Мен өз жұмысыма кеттім.

2 ші күні бұл ойынымызды ойнау оңайырақ болды. Оған көптен бері наза аудармаған мен оның бетіне түскен майда әжімдерді енді байқадым. Шаштарында да ақ шаштар пайда болды. Өткен жылдардың іздерін көру ойландырды.

4 ші күні оны құшағыма алғанымда бір сенімділік сезімі ұялады ішімде. Маған өмірінің 10 жылын сыйлаған әйел. 5 ші күні ішімдегі сезімдер күшейе бастады. Ребеккаға бұл туралы айтпадым. Әйелімді күннен күнге тасу оңай көріне бастады.

Бір күні оның не киім киетінін ойлап тұрғанын көрдім, бұрынғы киімдерінің бәрі үлкен болғанын айтты. Расында да соңғы күндері қатты арықтап кеткенін сонда байқадым. Ажырасатынымызды ойлап, соның уайымымен арықтағанын түсіндім. Еріксіз басынан сипадым. Осы кезде келіп қалған ұлымыз ‘Әке, анамды құшағында тасуың керек’ деді. Әкесінің анасын бөлмелерінен есікке дейін тасуы өміріміздің бір дәстүрі болды. Әйелім ұлымыды қасына шақырып, құшақтады. Ол күні оны құшағыма алып тасығанымда тура үйленген жалдарымыздағыдай сезімдер кештім.

Сезімдерім еріксіз өзгере бастады. Соңғы күні оны есікке дейін апарғанымда, одан барлық қиыншылықтары үшін кешірім сұрадым. Ол күні Ребеккаға барып, ажыраспайтынымды айттым. Отбасымыздың әлсірегені сезімдердің жоқтығынан емес, бірбіріміздің қадірімізді ұмыта бастағандығымыздан екенін түсіндім. Үйге қайта жетуге асықтым. Жолдан гүлдер сатып алып, араларына »сені өмірімнің соныңа дейін құшағымда таситын боламын» деп жаздым.

Үйге бара салып, бөлмемізге қарай жүгірдім. Әйелім төсекте өлі жатыр еді. Ребеккамен жүріп, әйелімнің  соңғы айлар бойы обыр ауруымен арпаласқаның білмей де қалдым. Өміріне санаулы күндер қалғанын білгені үшін, мені ұлымыздың теріс көртартпалықтан қорғауға тырысты. Ең болмағанда ұлымыдың есінде жақсы бір жұбай болып қалуын қалады.

 
Пікір қалдыру

Posted by on 28/11/2012 in Сезім

 

ұқыптылық көрсеткіші

Исмаил Бухари Әз Пайғамбардың хадистерін жинауға өмірін арнап, жаңа хадис есту немесе жазып алу үшін дала кезіп, апталап-айлап жол жүрген кездері көп болатын. Бірде көп сахабалармен жүздескен бір кісі туралы естиді. Әдеттегідей ұзақ жол жүріп жаңағы кісіні тауып алады. Үйіне жақындай бергенде, әлгі кісінің ноқтасын үзіп кеткен түйесін бос қаппен алдап шақырып, ұстайын деп жүргенін көреді. Бухари ол кісіге жолықпай кері қайтады.

Неге бос қайтқанын, ең болмағанада бір-екі хадис жазып алмадың ба дегендерге былай деп жауап береді:

Мен түйесін алдап ұстайтын адамның айтып беретін хадисіне сенбеймін.

 

қай жақтікісің?

Бір адам Нью-Йорк қаласының Орталық паркінде серуендеп жүрген кезде, құтырған бір иттің кішкентай қызды талайын деп жатқанын көреді. Жүгіріп барып итті қыздан алшақтатуға тырысады. Ұзақ арпалыстан соң, қолдары мен аяқтары жара-жара болса да, ақыры итті өлтіреді. Кішкентай қыздың өміріне енді қауіп төніп тұрған жоқ. Осы кезде оларды бір полиция қызметкері көріп, қастарына жүгіріп келеді. Қызды құтқарып қалғаны үшін адамды құшақтап алғысын жаудырып: “Сен – қаһармансың! Ертең барлық газеттер сен туралы жазатын болады. Мақала тақырыбы да былай болмақ:

– “Ержүрек нью-йоркшы кішкентай қызды құтқарып қалды”. Адам таңдана қарап: “Бірақ мен нью-йоркшы емеспін!” дейді. Полицейлік: “Ештеңе етпейді, ондай болса тақырып былай болар:

– Ержүрек американдық кішкентай қызды құтқарып қалды”.

– “Бірақ мен американдық та емеспін”, – дейді адам. Полицейлік таң қалып “Енді қай жақтікісің?” деп сұрайды.

– “Мен Ирактанмын!” – дейді адам.

Осыны естіген полицейлік үндемей қалады. Ертеңіне барлық газеттерде “Радикалды исламист байғұс американдық итті өлтіріп кетті” деген тақырыппен мақалалар жарық көреді.

 
2 пікір

Posted by on 12/09/2011 in Мінез-құлық, Өмір

 

қашан екені белгісіз

Жастары 30-дан асқан Арман мен Мұрат әңгімелесіп отырып, өмірдің жылдам ағымына таңданады. Арман: “Дегенмен нағыз өмір 40-тан кейін басталады деп ойлаймын”, – десе, досы: “35 жасында өліп қалмасаң ғана”, -деп жауап берген екен.

 
 

тапқырлық

Хазрет Хасан мен Хусейннің бала кезі болатын. Олар өз қатарластарымен бірге бұлақ басында ойнап жүрген еді. Бір уақытта олардың жанына бір қария келіп, дәрет алады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немерелері қарттың дәретті дұрыс алмағандығын байқап, қасына жақындайды. Алайда қателігін бетіне басып, ұялтқанды жөн көрмеді. Екеуі біраз ойланып, Хасан былай деп сөз бастайды:

– Ата, мынау менің бауырым. Бұл маған: «Сен дәретті дұрыс алмайсың», – дейді. «Екеуміз сіздің алдыңызда дәрет алып көрсетейік. Сіз дұрысын айтыңыз,» – дейді. – Жарайды, балаларым! Ал, бастаңдар, – деп келісімін білдіреді. Екеуі ақсақалдың алдында дәрет алады. Қария оларға қарап: – Балаларым! Екеуіңнің де алған дәреттерің дұрыс… Сендерге қарап, өзімнің дұрыс дәрет алмағанымды сезіп отырмын. Кішіпейіл де көркем мінездерің мені таңқалдырды. Өркендерің өссін, қарақтарым. Аллаһ сендерге разы болсын!– деп риза болыпты.