RSS

Сезім пирогі

Жақсы бір рецепт оқыдым. Бөлісейін, біреу-міреу жасап көргісі келетін шығар..

керек заттар:

  • 700 гр тұрақтылық
  • 900 гр адалдық
  • 500 гр шынайы сезім
  • 1 шәй қасық романтика
  • 7 дана жақсы сөз
  • 2 таза жүрек

Бәрін араластырып, ыстықтай жеу керек екен ❤️

 
Пікір қалдыру

Posted by on 14/04/2018 | Сезім

 

cтакан емес, бұлақ бол

untitledБір ғұлама шәкіртінің әр нәрседен үнемі шағымданып жүретінін көріп қалады. Содан бір күні ол шәкіртті шақыртып алып, тұзға жібереді. Үнемі зарланып жүретін шәкірт тұз алып келген кезде қария оған бір уыс тұзды бір стакан суға ерітіп іш дейді. Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да, тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды. «Дәмі қалай екен?» деп сұрайды қария. Шәкірті «Ащы» деп жауап береді ызаланып. Ғұлама шәкіртті қолынан ұстап, жақын жердегі бұлаққа алып барады. Бір уыс тұзды суға қосып, сол судан да ішіп көруін сұрайды. Бұлақтың мөлдір суын ішкен шәкірттен қайтадан судың дәмін сұрайды. «Tәтті» дейді шәкірт. «Тұздың дәмін сездің ба?» сұрағына да, «жоқ» деп жауап береді. Осы кезде ғұлама: «Өмірдегі қиындықтар осы тұз тәрізді, аз да емес, көп те емес – үнемі бірдей мөлшерде. Байқағаныңдай тұздың ненің ішіне қойылғандығы ғана маңызды. Сол сияқты, өмірдегі проблемалардың да ащы болып болмауы тек сенің сезімдеріне байланысты. Стакан емес, бұлақ болуға тырыс«, – деген екен.

 
Пікір қалдыру

Posted by on 08/01/2014 | Өмір

 

30 жылдық тәуба

imagesCAOV09W5Ғұлама бір ақсақал шәкірттерімен әңгіме барысында: “30 жыл бұрын “Әлхамдүлиллаһ” дегенім үшін 30 жыл бойы тәуба сұрап келемін,”- дейді. Шәкірттері таң қалып, мұның мәнін сұрағанда, әлгі ақсақал былай деп түсіндіреді: “Сауда орнында үлкен өрт шығып, көптеген саудагерлердің дүкендері өрттеніп, иелері үлкен шығынға ұшырайды. Өрт туралы маған хабар жеткенде мен “Сенің дүкеніңе ештеңе болмапты” деген сүйінші хабарға абайсыздан “Әлхамдүлиллаһ” дей қалдым. Кейін осы әрекетіме қатты өкіндім – мұсылман бауырларымның мал-мүлкі жанып кеткен кезде, өзімдікі аман қалды деп шүкір еткенім шынайы мұсылмандыққа жараспады деп қатты қобалжыдым, еңіреп тәуба еттім. Кейін өрттен зиян көрген мұсылман бауырларыма ортақтас болайын деген мақсатпен, дүкенімдегі барлық заттарды кедейлерге таратып берсем де, сол күннен бері 30 жыл бойы тәуба етсем де, әлі де жаным тыныштық таппады. Мен өлген кезде, ешкім білмейтін, адам жүрмейтін бір жерге апарып жерлеулеріңді сұраймын… топырақ мені қабылдамай, достарымның алдында ұят болмасын.

 

шынайы сезім

Ол күні үйге келгенімде жұбайым кешкі асты дайындап жатқан. Қолынан ұстап, бір маңызды нәрсе айтуым керек дедім. Қасыма отырды. Айтатындарым оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым, бірақ қанша қиын болса да айтуым керек деп ажырасайық дедім. Ашуланбады да, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа біреуді жақсы көретінімді қалай айтатынымды білмедім. Сол күні басқа ешнәрсе сөйлеспедік. Ол болса түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 10 жылдан кейін ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған көлік, үй, компаниямның 30% үлесін беретінімді рәсімдейтін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Бір бірімізге бейтаныс болдық. Оның маған жұмсаған уақыт пен күш жігеріне жаным ашыды. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді, қазір басқа кісіні жақсы көремін.

Бір басқа күні кешкісі үйге кеш келдім. Әйелім үстел басында бір нәрселер жазып отыр екен. Ешнәрсе айтпай бөлмеме барып ұйықтадым. Ертеңіне маған өз шарттарын ұсынды. Менен ешқандай материалдық   зат қаламайтынын, тек ажырасатынымызды 1 айға дейін ешкімге айтпай жасырын ұстауын сұрады. Осы уақыт ішінде жақсы отбасы ұқсап өмір сүруімізді сұрады. Бұған себеп жалғыз үлымыздың 1 айдан кейін университетке түсетіндіктен, қабылдау емтихандары кезінде отбысы ішіндегі мәселелер оған кедергі болмасын деген ниет екен. Келістім Екішні шарты да бартын. Үйленген күні есіктен үйге оны қолыма алып кіргенімізді есіне түсіру, 1 ай бойы оны қолыма алып бөлмемізден есікке дейін апаруымды сұрады. Басында есінің ауысқанын ойладым, бірақ өткен жылдардың құрметіне келістім.

Сол күні сүйіктім Ребеккаға әйелімнің осы шарттары туралы айтып едім, күліп жіберді де, әйелімнің бір қияли екендігін айтты. Ақыры әйеліммен ажырасатыныма сенімді болғандықтан ол да келісті.

Бірінші күні ешбір сезімім қалмаған әйелімді құшағыма алу қиын болды маған, көтергенімде артымызда тұрған ұлымыз бізге қарап қуанышын жасыра алмады ‘Бірбіріңізге деген сезімдеріңіз қандай күшті’ деп күлімдеп тұрды, Сөздері ішімді күйдірсе де, келіскеніміздей әйелімді үйдің есігіне дейін 10 метрдей қашықтықты құшағымда апардым. Ол болса көздерін жұмып қойып, құлағыма ‘Ұлымызға ажырасатынымызды айтушы болма’ деді. Мен де оған қарап, жарайды дедім. Оны есікке дейін апарып, үйден бірге шықтық. Ол автобус аялдамасына барып, жұмысына баратын автобусын күтті. Мен өз жұмысыма кеттім.

2 ші күні бұл ойынымызды ойнау оңайырақ болды. Оған көптен бері наза аудармаған мен оның бетіне түскен майда әжімдерді енді байқадым. Шаштарында да ақ шаштар пайда болды. Өткен жылдардың іздерін көру ойландырды.

4 ші күні оны құшағыма алғанымда бір сенімділік сезімі ұялады ішімде. Маған өмірінің 10 жылын сыйлаған әйел. 5 ші күні ішімдегі сезімдер күшейе бастады. Ребеккаға бұл туралы айтпадым. Әйелімді күннен күнге тасу оңай көріне бастады.

Бір күні оның не киім киетінін ойлап тұрғанын көрдім, бұрынғы киімдерінің бәрі үлкен болғанын айтты. Расында да соңғы күндері қатты арықтап кеткенін сонда байқадым. Ажырасатынымызды ойлап, соның уайымымен арықтағанын түсіндім. Еріксіз басынан сипадым. Осы кезде келіп қалған ұлымыз ‘Әке, анамды құшағында тасуың керек’ деді. Әкесінің анасын бөлмелерінен есікке дейін тасуы өміріміздің бір дәстүрі болды. Әйелім ұлымыды қасына шақырып, құшақтады. Ол күні оны құшағыма алып тасығанымда тура үйленген жалдарымыздағыдай сезімдер кештім.

Сезімдерім еріксіз өзгере бастады. Соңғы күні оны есікке дейін апарғанымда, одан барлық қиыншылықтары үшін кешірім сұрадым. Ол күні Ребеккаға барып, ажыраспайтынымды айттым. Отбасымыздың әлсірегені сезімдердің жоқтығынан емес, бірбіріміздің қадірімізді ұмыта бастағандығымыздан екенін түсіндім. Үйге қайта жетуге асықтым. Жолдан гүлдер сатып алып, араларына »сені өмірімнің соныңа дейін құшағымда таситын боламын» деп жаздым.

Үйге бара салып, бөлмемізге қарай жүгірдім. Әйелім төсекте өлі жатыр еді. Ребеккамен жүріп, әйелімнің  соңғы айлар бойы обыр ауруымен арпаласқаның білмей де қалдым. Өміріне санаулы күндер қалғанын білгені үшін, мені ұлымыздың теріс көртартпалықтан қорғауға тырысты. Ең болмағанда ұлымыдың есінде жақсы бір жұбай болып қалуын қалады.

 
Пікір қалдыру

Posted by on 28/11/2012 | Сезім

 

ұқыптылық көрсеткіші

Исмаил Бухари Әз Пайғамбардың хадистерін жинауға өмірін арнап, жаңа хадис есту немесе жазып алу үшін дала кезіп, апталап-айлап жол жүрген кездері көп болатын. Бірде көп сахабалармен жүздескен бір кісі туралы естиді. Әдеттегідей ұзақ жол жүріп жаңағы кісіні тауып алады. Үйіне жақындай бергенде, әлгі кісінің ноқтасын үзіп кеткен түйесін бос қаппен алдап шақырып, ұстайын деп жүргенін көреді. Бухари ол кісіге жолықпай кері қайтады.

Неге бос қайтқанын, ең болмағанада бір-екі хадис жазып алмадың ба дегендерге былай деп жауап береді:

Мен түйесін алдап ұстайтын адамның айтып беретін хадисіне сенбеймін.

 

қай жақтікісің?

Бір адам Нью-Йорк қаласының Орталық паркінде серуендеп жүрген кезде, құтырған бір иттің кішкентай қызды талайын деп жатқанын көреді. Жүгіріп барып итті қыздан алшақтатуға тырысады. Ұзақ арпалыстан соң, қолдары мен аяқтары жара-жара болса да, ақыры итті өлтіреді. Кішкентай қыздың өміріне енді қауіп төніп тұрған жоқ. Осы кезде оларды бір полиция қызметкері көріп, қастарына жүгіріп келеді. Қызды құтқарып қалғаны үшін адамды құшақтап алғысын жаудырып: “Сен – қаһармансың! Ертең барлық газеттер сен туралы жазатын болады. Мақала тақырыбы да былай болмақ:

– “Ержүрек нью-йоркшы кішкентай қызды құтқарып қалды”. Адам таңдана қарап: “Бірақ мен нью-йоркшы емеспін!” дейді. Полицейлік: “Ештеңе етпейді, ондай болса тақырып былай болар:

– Ержүрек американдық кішкентай қызды құтқарып қалды”.

– “Бірақ мен американдық та емеспін”, – дейді адам. Полицейлік таң қалып “Енді қай жақтікісің?” деп сұрайды.

– “Мен Ирактанмын!” – дейді адам.

Осыны естіген полицейлік үндемей қалады. Ертеңіне барлық газеттерде “Радикалды исламист байғұс американдық итті өлтіріп кетті” деген тақырыппен мақалалар жарық көреді.

 
2 пікір

Posted by on 12/09/2011 | Мінез-құлық, Өмір

 

қашан екені белгісіз

Жастары 30-дан асқан Арман мен Мұрат әңгімелесіп отырып, өмірдің жылдам ағымына таңданады. Арман: “Дегенмен нағыз өмір 40-тан кейін басталады деп ойлаймын”, – десе, досы: “35 жасында өліп қалмасаң ғана”, -деп жауап берген екен.

 
 

тапқырлық

Хазрет Хасан мен Хусейннің бала кезі болатын. Олар өз қатарластарымен бірге бұлақ басында ойнап жүрген еді. Бір уақытта олардың жанына бір қария келіп, дәрет алады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немерелері қарттың дәретті дұрыс алмағандығын байқап, қасына жақындайды. Алайда қателігін бетіне басып, ұялтқанды жөн көрмеді. Екеуі біраз ойланып, Хасан былай деп сөз бастайды:

– Ата, мынау менің бауырым. Бұл маған: «Сен дәретті дұрыс алмайсың», – дейді. «Екеуміз сіздің алдыңызда дәрет алып көрсетейік. Сіз дұрысын айтыңыз,» – дейді. – Жарайды, балаларым! Ал, бастаңдар, – деп келісімін білдіреді. Екеуі ақсақалдың алдында дәрет алады. Қария оларға қарап: – Балаларым! Екеуіңнің де алған дәреттерің дұрыс… Сендерге қарап, өзімнің дұрыс дәрет алмағанымды сезіп отырмын. Кішіпейіл де көркем мінездерің мені таңқалдырды. Өркендерің өссін, қарақтарым. Аллаһ сендерге разы болсын!– деп риза болыпты.

 

өмір сүру пәлсәпасы

Ағылшын Richard Wilkins «Mental Tonic» атты кітабында өмір сүру пәлсәпасының негіздерін тізіп жазады. Солардан бірнешеуі:

  • Нағыз өзгеру – ескі нәрселерді басқаша көруден тұрады.
  • Терезеңіздің әйнегі кір болса, далаға шығып көріністі әсемдету бос әурешілік.
  • Егер сіз өзіңізді жақсы көрмесеңіз, басқасы қалайша жақсы көрсін.
  • Ата-анаңыз туылуыңыз үшін жауапты, қалай өмір сүргеніңіз үшін емес.
  • Өткенді үй емес, бір кітап сияқты қолданыңыз.
  • Күлімдеу – рухтың биі.
  • Өміріңізде жақсы өзгерістер, энергияңызды қорқуларыңызға емес армандарыңызға жұмсаған кезде басталады.
  • Қасыңыздағыны шын тыңдайсыз ба, әлде сөйлеу үшін өз кезегіңізді күтіп отырсыз ба?
  • Екіжүзділік тек өзіне ғана байқалмайды.
  • Нағыз байлық; уақытты ақшаға айырбастау емес, оны адамдар үшін жұмсау.
  • Әуен ноталар арасындағы үнсіздіктен пайда болады.
 
Пікір қалдыру

Posted by on 06/09/2011 | Өмір

 

ұстадым деп те, ұстамадым деп те айта алмаймын

Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Алла тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға жер таппай кететін. Өйткені, Жаратушы Иеден қатты қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе сұрамайтын. Ораза ұстаған кей күндері: «Аузың берік пе?», – деп сұрағандарға: «Шынымды айтсам… ораза ұстадым деп те, ұстамадым деп те айта алмаймын», – деп күмілжи жауап беретін. Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» дей алмайтын. Алайда, менікі қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген іштейгі күдікпен «ұстадым» деуге де ауызы бармайтын.

Оның рухани тереңдігін білмейтіндер: «Өзіңнің ауыз бекітіп, бекітпегеніңді білмейсің бе?», – дегенде, ләм-мим деп жауап берместен, ол жай ғана күлімсірейтін де қоятын.

(Құдайберді Бағашар, «Ислам және өркениет»)

 
Пікір қалдыру

Posted by on 05/09/2011 | Иман

 

өміріміздегі 1 мен 0-дер

Физмат факультетінің бір профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап “Бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет”,- деп түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: “Ал бұл болса жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 – тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады” деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік, тәртіптілік, сүйіспеншілік… Қосылап тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе байытатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 саны қалады. Профессор студенттеріне былай дейді: “Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те тұрмайды”.

 

оқыту жақсы көруден басталады

Бір профессор, социология факультетінің студенттерін Балтимор қаласының кішкентай бір ауылына жібереді. Сондағы тапсырма – ол ауылда тұратын 200 ер баланың мінез-құлқын зерттеп, әрбір баланың келешегі жайлы өз тұжырымын жазу болатын. Тапсырманы орындап келген студенттердің берген бағасы бір болды – балалардың ешбірі “адам” болатын емес.

25 жылдан кейін социология пәнің басқа бір профессоры осы зерттеу жұмысын тауып, өз студенттеріне жобаны жалғастырып, жобадағы балалар тұратын ауылға барып, балалардың қандай адам болып өскенін қарап келуін тапсырады. Студенттер ол ауылдан көшіп кеткен не болмаса қайтыс болған 20 шақты баладан басқасының бәрін тауып алады. Қалған 176 баланың бәрі де керемет жетістіктерге жетіп, адвокат, дәрігер, бизнесмен болғанын көреді.

Профессор қатты таңқалып, 25 жыл бұрын зерттеу нәтижелерінің неліктен қате болғанын білгісі келеді. Ержеткен балалардың бәрі әлі сол өз ауылдарында тұрғандықтан, ол жерге барып әрқайсысымен жеке-жеке сөйлескісі келеді. “Кішкентай кездеріндегі қиын жағдайларға қарамастан, жақсы азамат болып өстіңдер. Жетістіктеріңді қалай түсіндірер едіңдер?” сұрағына бәрінен де бірдей жауап алады: “Ауылымыздың мектебінде бір мұғаліміміз бар еді. Бәрі де соның арқасы.”

Профессор мұғалімді тауып алып, онымен де сөйлескісі келіп, үйіне дейін барады.  Бетін әжім басқан құрметті ұстаздан жасөспірімдерді көшенің теріс әсерінен қалай құтқарып, олардың жақсы азамат болулары үшін қандай тәрбие бергендігін сұрайды.

Көздерінен мейірім төгілген ұлағатты ұстаз, күлімдеп қана: “Оп-оңай”,- дейді – “Мен ол балалардың бәрін жүрегіммен, шынайы жақсы көрдім“.

 

өтірікші деп кімді айтады?

Имам Ғазали былай деген екен: “Төрт нәрсені жасамай, төрт нәрсені айтып жүрген кісі – өтірікші!”

  1. Кімде кім жаннатқа барғысы келетінін айтып, ешбір ғибадатты орындамаса – өтірікші!
  2. Кімде кім Пайғамбарды жақсы көретінін айтып, ислам ғұламаларын ұнатпаса – өтірікші!
  3. Кімде кім тозақтан қорқатынын айтып, күнә жасаудан арланбаса – өтірікші!
  4. Кімде кім Аллаһты жақсы көремін дей тұра, тағдырындағы қиыншылыққа шағымданса – өтірікші!
 
1 пікір

Posted by on 26/05/2011 | Иман

 

дұға күші

Ерте ерте ертеде.. бір елді-мекенде құрғақшылық басталады. Тұрғындардың бәрі бұдан зиян көрсе де, шарасыз болады. Ақыры жұрт барлық дертке дауа болатын Жаратушыға бет бұрады. Үлкені бар, кішісі бар бәрі Құдайдан жаңбыр тілеу үшін бір жота басына жиналады. Дұға оқылып бітпей жатып, тілегендеріне жауап ретінде, жаңбыр құя бастайды. Бір қыздан басқасының бәрі жаңбыр астында қалып су болады. Жиналған қауым ішінен сол бір қыз ғана үйінен қолшатыр алып шыққан екен. 

 
7 пікір

Posted by on 25/05/2011 | Бала жүрегі, Иман

 

көзбояушылық

Мешітте ешкім жоқ кезде келіп, намазға тұрады. Намазды әдеттегідей тездетіп бітіріп, ниеті басқа жұмыстарымен кету ғана. Екі ракатты тез оқып бітіргені сол еді, мешітке біреудің кіргенін естігендей болады. “Келген адам намазды тез оқығанымды көрсе, мен туралы жаман ойлап қалатын болды ғой,” – деп, қалған екі ракатын бар ынта мен назарын салып оқиды. Сәлемін беріп, намазын бітіреді. “Әдемі намаз оқыдым, келген кісіден ұят болмайтын болды,” – деп өзіне риза болып, басын есік жаққа бұрып қараса, есіктен оған адам емес, иесіз бір иттің қарап тұрғанын көреді. Намазды расында да әдемі оқыды, бірақ онысын жалғыз көрермені болған ит үшін оқығанын түсінеді.  

 
5 пікір

Posted by on 24/05/2011 | Иман, Мінез-құлық